Қытай әлемдегі екінші ірі су электр станциясын іске қосты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай әлемдегі екінші ірі су электр станциясын іске қосты Фото: ©REUTERS

Қытай "Байхэтань" су электр станциясы (СЭС) пайдалануға берілгенін жариялады. Билік өкілдерінің мәліметі бойынша, ол қуаты бойынша әлемде екінші орында, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай "Байхэтань" су электр станциясы (СЭС) пайдалануға берілгенін жариялады. Билік өкілдерінің мәліметі бойынша, ол қуаты бойынша әлемде екінші орында, - деп хабарлайды Reuters.

Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан "Байхэтанды" 2022 жылы толық пайдалануға беру жоспарланған. Әзірге әрқайсысының қуаты 1 миллион киловатт болатын 16 энергоблоктың алғашқы екеуі іске қосылған.

Осылайша, СЭС-тің жалпы белгіленген қуаты 16 миллион киловатт, ал жыл сайын "Байхэтань" сағатына 62 миллиард киловатт өндіреді. Барлық 16 генератор пайдалануға берілгеннен кейін су электр станциясы  тәулігіне 500 мың адамның жылдық сұранысын қанағаттандыратын болады.

Бұл станция қуаты бойынша әлемде екінші саналады. Қытайдың Хубэй провинциясындағы "Үш шатқал" СЭС-і бірінші орында. Онда 2020 жылы өндіріс сағатына 103,1 миллиард киловатт болған. Бұл бір су электр станциясындағы энергия өндірісінің әлемдік рекорды.

"Байхэтань" СЭС-інің іске қосылуы Қытайдағы көмірқышқыл газының жыл сайынғы эмиссиясын 51,6 миллион тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді деп күтіледі. Станция сонымен қатар Шанхайға және Қытайдың шығысындағы басқа қалаларға қосымша қуат жіберуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети