Украина дағдарысы басталғалы бері алғаш рет Қытай Киевті Украинаның оңтүстік-шығысындағы операцияны тоқтатуға тікелей шақырды. Politonline порталының хабарлауына қарағанда, Қытайдың Халықтық азат ету әскері бас штабы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Ван Гуаньчжун өз мәлімдемесінде украин билігінен "бейбіт халыққа қарсы күштеу операциясын" дереу тоқтатуды талап еткен.

"Ореанда-Новости" ақпарат агенттігі нақтылап отырғандай, мұндай қатты айтылған мәлімдемені ол Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі XIII халықаралық конференция аясында Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антоновпен кездесу барысында жасаған.
Қытай алдында да Украинаның жаңа билігін "елдің шығысында азаматтық соғысты тұтандыруда" деп айыптап, ал АҚШ пен Еуропаны "украиндықтарға ықпал етті" деп сөккен. Сондай-ақ Ресей мен Қытай алғаш рет біріккен ғаламдық әскери оқу-жаттығуларды бастады. Оған АҚШ-тың әскери сарапшылары "Америкаға қарсы екі ядролық державаның әскери бірігуі қауіпті" деп баға берген.
Қытай әскерилерінен тыс Украина мен Батыстың атына Францияның "Ұлттық фронтының" басшысы Мари Ле Пен қатты сын таққан. Оның пікірінше, Украинадағы дағдарыс пен қантөгістің айыбы Еуропа мен АҚШ-тың мойнында. "Америкалық нұсқаушы сипатындағы ЕО Ресей үшін тиімсіз" - деген ол.
Ле Пен Украинаның федерацияға шұғыл бөлінуін жақтайтынын, сонымен қатар басқа мемлекеттердің шешімін өзіне еш таңғызбайтындығы үшін Ресей президенті Владмир Путинді мақтан тұтатындығын жеткізген.