Қытай басшысы "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай басшысы "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды © РИА Новости

Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларды "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларды "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің күрделілігі мен қиындығы "өскенін" мәлімдеді.

"Біз ең нашар және төтенше сценарийлерге, қатты жел, толқын және тіпті қауіпті дауылдың ауыр сынағына төтеп беруге дайын болуымыз керек"», - деді Қытай басшысы 30 мамырда Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеттің Қауіпсіздік комиссиясының отырысында.

Си Цзиньпин Қытайдың "шынайы ұрыс пен іс жүзінде пайдаланудағы тиімділікті арттыруға назар аудара отырып, өзінің ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуды тездету керек" деді.

CNN мәліметінше, Си Цзиньпиннің үндеуі Бейжің "қиын-қыстау экономикадан бастап Қытай көшбасшысы барған сайын дұшпандық тудыратын халықаралық ортадағы қиындықтармен бетпе-бет келіп тұрған кезде жасалынды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети