Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-қа үндеу жасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қытай төрағасы Си Цзиньпин әлем бейбітшілігін нығайту үшін екі ел тату болуы керек деп АҚШ-ты ынтымақтастық пен байланысты кеңейтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымы-ге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай төрағасы Си Цзиньпин әлем бейбітшілігін нығайту үшін екі ел тату болуы керек деп АҚШ-ты ынтымақтастық пен байланысты кеңейтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымы-ге сілтеме жасап.

"Дүниежүзіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін екі ел бір-бірімен тіл табысудың жолдарын табуы керек. Бүгінгі күні бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылғаны бәрімізге аян. Сондықтан АҚШ пен Қытай бірге халықаралық тұрақтылыққа ықпал етуі керек", - делінген Қытай басшысының жолдауында.

Си Цзиньпиннің айтуынша, "Екі әлемдік держава - Қытай мен АҚШ арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту жаһандық тұрақтылықты сақтауға және бүкіл әлемде бейбітшілік пен ілгері дамуға жол ашады".

ҚХР төрағасы оның елі "екі елдің жаңа дәуірде бір-бірімен тіл табысуына мүмкіндік беретін жолдарды іздеуде өзара құрмет пен бейбіт қатар жүрген жағдайда АҚШ-пен ынтымақтасуға" дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас қазіргі уақытта Тайваньның мәртебесі мен Ресейдің Украинаға қарсы соғысына деген әртүрлі көзқарастарына байланысты шиеленіскені мәлім. Бейжіңнің наразылығына қарамастан АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси мен америкалық конгрессмендер тобының Тайваньға жасаған сапарлары шиеленісті одан ары өршітті.

Сондай-ақ, Қытай Тайваньды бүлікшіл провинция деп санайды және қажет болған жағдайда оны күшпен бақылауға алатынын бірнеше рет ескерткен. АҚШ Тайваньның тәуелсіздігін ресми түрде мойындамайды, бірақ қол ұшын беруден аянбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro