Қытай басып кірсе, АҚШ Тайваньды қорғайды - Байден

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай басып кірсе, АҚШ Тайваньды қорғайды - Байден Фото:defense.gov

Джо Байден Тайваньға Қытай шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ қорғайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джо Байден Тайваньға Қытай шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ қорғайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Джо Байден CBS арнасындағы "60 минут" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Қытай Тайваньға басып кірген жағдайда АҚШ қорғай ма деген сұраққа Байден: "Иә, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған шабуыл болса", - деп жауап берді.

Ол АҚШ Қытайдың саясатын қолдап, Тайваньның тәуелсіздігін қолдамайтынын ескертті.

"Біз Тайвань аралымен жақсы ынтымақтастықта болсақ та, Қытайдан тәуелсіздік алуға шақырмаймыз", - деді америкалық көшбасшы.

Мамыр айында Байденге Қытай Тайваньға басып кірсе, АҚШ әскери әрекеттерге араласа ма деп сұраған болатын.

"Иә... Бұл біз қабылдаған міндеттеме", - деп жауап берді ол.

Ақ үй де АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін айтып, бұл мәлімдемеден тез бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети