Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қытай Батысты Ресейге қарсы санкция енгізбеуге шақырды

14 Наурыз 2014, 10:54
0
Қытайдың Германиядағы елшісі Ши Миндэ батыс елдерін Ресейге қарсы санкция енгізбеуге шақырды деп хабарлайды The South China Morning Post басылымы. Дипломаттың мәлімдеуінше, мұндай шаралар кейін бақылау мүмкін болмай қалатын қауіпті реакцияларға соқтыруы мүмкін.

"Біз Ресейге қарсы санкция енгізудің қисынын көріп тұрған жоқпыз. Санкциялар адам айтқысыз салдарларға соқтыратын қарымта әрекеттерге ұласуы мүмкін. Біз оны қаламаймыз", - дейді Ши Миндэ.

Елші батыс елдерін сабырға шақырды. "Біз әлі де болса эскалацияны айналып өтуге мүмкіндік барын көріп отырмыз. Келіссөздер үшін бұрынғысынша есік ашық, біз бұл мүмкіндікті референдумнан соң да пайдалануымыз керек", - деді Миндэ.

Еске салайық, ГФР канцлері Ангела Меркель Ресей Қырым мәселесінде бағытын өзгертпесе оған қарсы ауыр саяси және экономикалық салдарларға соқтыратын санкцияларды енгізетінін мәлімдеген болатын. Ресейге қарсы қысымды АҚШ та күшейтті.

Қырым референдумы наурыздың 16-сына жоспарланып отыр. Онда азаматтарға екі сауал ұсынылады: Қырымның Ресей құрамына қосылуын қолдайсыз ба және Қырымның 1992 жылғы конституциясын қалпына келтіруді қолдайсыз ба деген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай