Қытай BBC телеарнасының елде хабар таратуына тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай BBC телеарнасының елде хабар таратуына тыйым салды @REUTERS

Қытай билігі ұлыбританиялық BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай билігі ұлыбританиялық BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Қытай Ұлттық радио және теледидар әкімшілігі (NRTA) телеарна Қытай Халық Республикасының (ҚХР) аумағында телерадио хабарларын тарату ережелерін бұзғанын хабарлады.

Арнада көрсетілген жаңалықтар тиіс ережеде талап етілгендей "шыншыл және адал" болмаған. Сонымен қатар, агенттік телеарна жаңалықтары Қытайдың ұлттық мүддесіне және ел бірлігіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді.

"Мемлекеттік радио және телевизия басқармасы BBC World News-ке Қытайда хабар таратуға рұқсат бермейді. Биыл хабар таратуға өтінімдер қабылданбайды", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде BBC World News корпорациясы бұл шешімнің дұрыс емес екенін айтты. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб телеарнаға тыйым салу туралы шешімді "сөз бостандығын шектеу" деп атады.

"Қытайда әлемдегі БАҚ пен интернет бостандығына қатаң шектеулер бар және бұл қадам Қытайдың бүкіл әлемдегі беделіне нұқсан келтіреді", - деп жазды Рааб Twitter-парақшасында.

Шешім Қытайдағы ұйғыр халқын кемсіту туралы BBC репортаждары, сондай-ақ коронавирус туралы туралы материалдар шыққаннан кейін қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда Қытай Коммунистік партиясының бақылауында болған қытайлық China Global Television Network (CGTN) телеарнасынан лицензия қайтарып алынған. Осыдан кейін Қытай дипломаттары ВВС жаңалықтарының мазмұнына шағымдана бастады.

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі CGTN-ді ұлыбританиялық лицензиядан айыру туралы түсініктеме берген жоқ. Бірақ, кейінірек BBC телеарнасын Қытайдағы коронавирус туралы хабарлама үшін сынға алып, оны "әдеттегі жалған жаңалық" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети