Қытай билігі үшінші бала тууға рұқсат берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қытай билігі бала тууды шектеу саясатын жеңілдетіп, үш бала тууға рұқсат берді, - деп хабарлайды Reuters.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай билігі бала тууды шектеу саясатын жеңілдетіп, үш бала тууға рұқсат берді, - деп хабарлайды Reuters.

Мұндай өзгеріс президент Си Цзиньпин төраға болған Саяси бюро отырысында мақұлданды.

"Қытай бала туу саясатын одан әрі оңтайландыру үшін жүзеге асырады: ерлі-зайыптыға үш балалы болуға рұқсат беру", - делінген хабарламада.

Билік жаңа шешім халықтың тез қартаю мәселесін ескере отырып, елдің демографиясын жақсартуға ықпал етеді деп санайды.

"Саясаттың өзгеруі қолдау шараларымен бірге жүреді. Бұл халық құрылымын жақсартуға, қартайған халыққа белсенді қарсы тұру стратегиясын орындауға және адам ресурстарының артықшылығы мен қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді", - делінген агенттік хабарламасында.

Алайда билік шешімі Қытайдағы әлеуметтік желілерде жағымсыз реакция тудырған.

"Егер сіз маған 5 миллион юань (785 650 АҚШ доллары) берсеңіз, мен үш балалы болуға дайынмын", - деп жазды Weibo қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, "бір отбасы - бір бала" саясаты Қытайда 1979 жылдан 2015 жылға дейін қолданылған. Кейін 2016 жылы ел билігі бұл шектеулерді жеңілдетуге ұйғарып, ерлі-зайыптыларға екі балалы болуға рұқсат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro