22 мамыр 2020 | 09:31

Қытай биыл кедейлікті жеңуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото REUTERS Фото REUTERS

Қытай коронавирус пандемиясы мен оның экономикаға кері әсеріне қарамастан, биыл кедейліктен құтылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің бас заңнамалық органының отырысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның баяндамасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қытай коронавирус пандемиясы мен оның экономикаға кері әсеріне қарамастан, биыл кедейліктен құтылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің бас заңнамалық органының отырысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның баяндамасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Біз кедейлікпен күресте жеңеміз", - деді Ли Кэцян.

Сонымен қатар, ол билік биыл кедейлік деңгейін азайтуға байланысты шараларды белсене іске асыруға және ауылдық аймақтарды қайта көркейтуге ниетті екенін жеткізді. Билік ауыл аймақтарды аса қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарының стандарттары мен өмір сүру жағдайын жақсартуды көздеп отыр екен.

Пандемияға қарамастан, Қытай экономикасы айтарлықтай шығынға батты, дегенмен ел басшылығы кедейлікті жою мақсатын орындаудан бас тартпады. Жыл соңына дейін Қытай 1 мыңнан астам ауылдағы кедейлікті жеңу керек. Осылайша Қытай орта деңгейдегі қоғам құрып, өз территориясында кедейлікті жойған алғашқы ел болады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, Қытай 2013 жылдан 2019 жылға дейін 82,39 миллион ауылды кедейліктен құтқарып, ұлттық кедейлік деңгейінен төмен тұратындарды 10,2 пайыздан 1,7 пайызға дейін төмендетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети