04 қаңтар 2017 13:05

Қытай Қазақстан арқылы Ұлыбританияға баратын пойыздарды іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© minval.az © minval.az

Қытай Қазақстан арқылы Ұлыбританияға баратын тікелей пойыздарды іске қосты, - деп хабарлайды China Daily.


Қытай Қазақстан арқылы Ұлыбританияға баратын тікелей пойыздарды іске қосты, - деп хабарлайды China Daily.

2017 жылдың басынын бастап Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Иу қаласы мен Лондон арасында жүк таситын жаңа қызмет іске қосылды. Жаңа қызмет екі ел арасында тауарларды тасуға жұмсалатын қаражат пен уақытта үнемдеуге бағытталған.

Айта кетейік, пойыз 18 тәулікте 12 мыңнан аса шақырымды жүріп өте алады. Ол Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия және Франция арқылы жүретін болады. Сондай-ақ, бастапқыда пойыздардың аптасына бір рет жүретіні айтылады. Осылайша, бірінші пойыз қажетті тауарларды: сөмкелерді, киім-кешектерді және тағы да басқа заттарды тасымалдайды.

"Бұл қызмет түрі Ұлыбритания мен Қытай арасындағы сауда ынтымақтастығының маңызды екенін көрсетеді", - деді Onetwothree Logistics менеджері Оскар Лин. Сондай-ақ, осыған дейін қытайлықтар 2020 жылға қарай теміржол желілерін 150 мың шақырымға дейін кеңейткісі келетінін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети