05 ақпан 2017 | 11:29

Кытай Қазақстан жері арқылы әлем экономикасын дүр сілкіндірмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Орталық Азия аумағында өзінің дәнді-дақыл дәлізін салуы мүмкін, осылайша олар Африка, Азия және Қытайдың өзіне жылына 160 миллион тонна дәнді-дақыл экспорттауды көздеп отыр. Сонымен қатар қазақстандық диқандар осы супержобада басты рөлде болады, - деп хабарлайды "Независимая газета".


Иконка комментария блок соц сети

Қытай Орталық Азия аумағында өзінің дәнді-дақыл дәлізін салуы мүмкін, осылайша олар Африка, Азия және Қытайдың өзіне жылына 160 миллион тонна дәнді-дақыл экспорттауды көздеп отыр. Сонымен қатар қазақстандық диқандар осы супержобада басты рөлде болады, - деп хабарлайды "Независимая газета".

Қытай статистикасына сәйкес, Орталық Азия жерінде егістікке жарамды 38 миллион гектар жер бар екен. Соның 74 пайызын яғни 28 миллион гектар жерін Қазақстанның жері алып жатыр. Болашақта елдегі егістікке жарамды жерлер 60 миллион гектарға жетуі мүмкін. 

Басылым Бейжің аграрлық экспансиясынан қауіптенеді, егер Қытай өз жоспарын іске асыратын болса, олар Қазақстанның жері арқылы әлемдегі дәнді-дақыл саудасын Қазақстанның жері арқылы іске асырады. "Қытай жобасының қаншалықты ауқымды екенін түсіну үшін, Ресейдің экспортқа шығаратын өнімінің 37,5 миллион тонна екенін айта кетейік. Яғни бұл дегеніміз, Қытай Ресейге қарағанда төрт есе экспорт шығармақшы. Егер Қытай осы жобаны іске асыратын болса, Ресей өзінің ауылшаруашылық даму жоспарын қайта қарауы керек болады. Әлемдік саудада баға түсіп кетуі де мүмкін. Қытай өндірушілерімен бәсекелс болған өндірушілер банкротқа ұшырайды", - делінген мақалада. 

"Қытай Қазақстан жерін пайдалана отырып Ресейге қарағанда екі есе артық өнім алып, 3-4 есе экспортқа шығаратын болса, біздің дәнді-дақыл экспортынан түсетін кірісіміз қандай болады?" - деген сұрақ қояды автор. 

"Қосымша өндірілген 160 миллион тонна дәнді-дақыл бағаны 30-50 пайызға төмендетіп жіберуі мүмкін. Дәнді-дақыл әлемдік бағасы жыл сайын 1,3 пайызға өсіп келеді, ал Жер бетіндегі адамдар саны - 1,12 пайызға өседі екен. Яғни тамақ артылып қалмайды. Қазіргі уақытта бір жылда 150-160 миллион тонна астық жетіспейді. Осы дефициттің орнын Қытай толтырмақшы", - дейді IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашов.

"Қытай өзіне дұрыс бағытта қозғалып келеді. Алайда "Дәнді-дақыл дәлізі" атты жобаның қазір іске қосылуы екі талай", - деп ойлайды маман. Оның айтуынша, АҚШ оларға кедергі жасау үшін барлығын жасайды, сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдеріне қысым көрсетеді. 

"Егер Қытай Қазақстан арқылы өз жоспарын іске асыратын болса, онда әлемдік сауда күрделі өзгеріске ұшырайды. Бағаның төмендеп, сапалы өнімге сұраныстың көбейетіні анық. Айтылған көлемдер - бұл өте көп. Олар егер іске қосылса, Ресей дәнді-дақыл экспорттаудан көшбасшы болмайды. Дәнді дақылдан түсетін пайа қазіргідей болмайды", - дейді "Алор Брокер" компаниясының сарапшысы Кирилл Яковенко.

Сонымен қатар біршама сарапшылар Қытай жобасын фантазия немесе жаһандық алаяқтық деп атады. "Бұл жоба "дәліз" дегеннен гөрі көбірек "панама" аферасына ұқсайды", - деді Аграрлық сауда конъюнктурасы институтының бас директоры Дмитрий Рылько. 

"Әзірге бұл жоба қиял болып көрінеді. Қытайлықтар көз тігіп отырған осы Орталық Азия аумағында су тапшылғы бар. Ауа райы өте қолайсыз. Қосымша бір дүниелерсіз мына жерлерді иемдену өте қиын", - дейді "Совэкон" аналитикалық орталықтың директоры Андрей Сизов. Оның айтуынша, өңірлердегі өнім алуды осы деңгейде сақтап қалу басты мақсат болып табылады. Осындай ауқымда өндірілген күннің өзінде оны сол елден алып шығу мүмкін емес. Оған мысал ретінде Қазақстаннан Қытайға экспортталатын аз ғана мөлшердегі дәнді-дақыл себеп болады", - деп түсіндірді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети