ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2022 | 13:09
Қытай коронавирусқа қарсы жаппай тестілеу өткізу үшін Шанхайға әскер жіберді
Қытай елдің ең ірі қаласы мен қаржы орталығы Шанхайға коронавирусқа қарсы жаппай тестілеу өткізу үшін мыңдаған әскер мен медицина қызметкерлерін жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай Халық азаттық армиясы (PLA) 26 миллион тұрғынға COVID-19 сынақтарын өткізуге көмектесу үшін армиядан, теңіз флотынан және бірлескен логистикалық күштерден 2 мыңнан аса медициналық қызметкер жіберді.
©REUTERS
Сонымен қатар, Шанхайға Цзянсу, Чжэцзян және Пекин сияқты провинциялардан 10 000-ға жуық медицина қызметкері келді.
©REUTERS
Шанхай билігі сонымен қатар бірнеше ауруханаларды, стадиондарды, көпқабатты үйлерді орталық карантиндік нысандарға айналдырды, соның ішінде 15 000 науқасты қабылдауға Шанхай жаңа халықаралық көрме орталығын іске қосты.
©REUTERS
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также