ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 14:44
Қытай өкілі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығысқа пікір білдірді
Қытай Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығысты шешеді деп үміттенеді. Бұл туралы жұмада өткен брифингте ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытай Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығысты шешеді деп үміттенеді. Бұл туралы жұмада өткен брифингте ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Қытай тарапы тиісті хабарламаларға жауап берді. Сондай-ақ, біздің білуімізше, тараптар атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды", - деді дипломат.
Ол Қырғызстан да, Тәжікстан да Қытайдың достас көршісі және жан-жақты стратегиялық әріптесі екенін айтты.
"Тараптар өзара құрмет пен достық кеңес өткізу негізінде қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тиісті түрде реттей алады. Сондай-ақ, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ортақ күш-жігермен қолдайды деген үміттенеміз", - деді дипломат.
Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандарындағы жергілікті тұрғындар қақтығысы 29 сәуірде екі ел әскери күштерінің қарулы қақтығысына айналды. Қырғыз-тәжік шекарашылары арасындағы қақтығыстар алты сағаттан аса уақытқа созылды. Қантөгіс салдарынан екі жақта 150-ден аса адам зардап шекті. Жиырма адам қайтыс болды. 29 сәуірде кешке тараптар атысты тоқтату және күштерді шекарадан шығару туралы келісімге келген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также