Қытай оқу-жаттығу бойынша Тайваньға 20 ұшақ пен 14 кеме жіберді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қытай оқу-жаттығу бойынша Тайваньға 20 ұшақ пен 14 кеме жіберді ©REUTERS

Қытай Халық-азаттық армиясы жаттығулардың үшінші күні Тайваньға 20 ұшақ пен 14 әскери кеме жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытай Халық-азаттық армиясы жаттығулардың үшінші күні Тайваньға 20 ұшақ пен 14 әскери кеме жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы аралдың Қорғаныс министрлігі Twitter-де хабарлады.

Бейжің төрт J-11 және J-16 ұшағын, он Су-30 ұшағын, сондай-ақ, Y-20 әскери-көлік лайнерін, Y-8 сүңгуір қайыққа қарсы ұшағын жіберді.

Жарнама
Жарнама

Тайбэй жағдайды бақылау үшін әуе патрулін жіберді, сонымен қатар, зенит-зымыран кешендерін орналастырды.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси мінген ұшақ Тайвань әуежайына қонды. АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама