Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қытай оқу-жаттығу бойынша Тайваньға 20 ұшақ пен 14 кеме жіберді 06 тамыз 2022, 19:51

Қытай Халық-азаттық армиясы жаттығулардың үшінші күні Тайваньға 20 ұшақ пен 14 әскери кеме жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©REUTERS ©REUTERS

Қытай Халық-азаттық армиясы жаттығулардың үшінші күні Тайваньға 20 ұшақ пен 14 әскери кеме жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы аралдың Қорғаныс министрлігі Twitter-де хабарлады.

Бейжің төрт J-11 және J-16 ұшағын, он Су-30 ұшағын, сондай-ақ, Y-20 әскери-көлік лайнерін, Y-8 сүңгуір қайыққа қарсы ұшағын жіберді.

Тайбэй жағдайды бақылау үшін әуе патрулін жіберді, сонымен қатар, зенит-зымыран кешендерін орналастырды.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси мінген ұшақ Тайвань әуежайына қонды. АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram