05 тамыз 2022 17:54

Қытай Пелосиге қарсы санкция енгізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Тайваньға сапарына жауап ретінде АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкция салу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Reuters.


Қытай Тайваньға сапарына жауап ретінде АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкция салу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Reuters.

Қытай Сыртқы істер министрлігі өкілі Нэнси Пелоси өзінің арандатушылық әрекеттері арқылы Қытайдың ішкі істеріне араласып, осы аптадағы Тайваньға сапары арқылы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзғанын мәлімдеді.

"Қытайдың алаңдаушылығына қарамастан, Пелоси Тайваньға барды. Осылайша, Қытайдың ішкі істеріне араласып, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығына, "Біртұтас Қытай" саясатына нұқсан келтіріп, Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндірді", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бұған қоса, Қытай АҚШ-пен жоғары деңгейдегі әскери диалогты қоса алғанда, бірқатар саладағы ынтымақтастықты тоқтататынын хабарлады. Осылайша, Пекин Пелосидің сапарына байланысты АҚШ-тың жоғары лауазымды әскери қолбасшылары арасындағы диалогты тоқтатты. Сондай-ақ, Қытай тарапы америкалық тараппен климаттық келіссөздерді, трансшекаралық қылмыстың алдын алу және заңсыз мигранттарды репатриациялау саласындағы ынтымақтастықты тоқтатуды шешкен.

Сондай-ақ, Қытай Сыртқы істер министрлігі "Үлкен жетілік" (G7) пен Еуропалық Одақ елдерінің Қытайдың Тайвань төңірегіндегі әскери жаттығуларын сынаған мәлімдемесіне наразылық білдіру үшін еуропалық дипломаттарды шақырғанын хабарлады. Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Дэн Ли Тайваньға қатысты мәлімдемелерге байланысты Еуропа елдері мен ЕО өкілдеріне дипломатиялық шағымдар жіберген.

Еске салайық,  АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін шиеленісе түсті. Ол аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Пелоси Тайбэйде жоғары лауазымды заң шығарушылармен және Цай Инвэнь аралдың әкімшілік басшысымен кездесті. АҚШ конгресінің басшысы ұшақтан түсе сала, Қытай армиясы Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети