16 қаңтар 2020 09:28

Қытай пневмониясы Жапонияға жетті

© REUTERS © REUTERS

Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты, - деп хабарлайды Kyodo


Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты, - деп хабарлайды Kyodo

Ер адам жақында ауру ұшқыны байқалған Қытайдың Ухань қаласында болып қайтқан. Бүгінде ол ауруханадан шыққан. Жапония билігі мәлімет жинау мақсатында жедел штаб құрып, вирустың көзін жою шараларына кірісіп кеткен. 

Қытайлық эпидемиологтар Ухань қаласындағы пневмонияның тарауына жаңа коронавирус себеп болғанын анықтаған. Ол тек өкпенің қабынуына әкеліп соқпайды, сонымен қатар, өмірлік маңызды органдардың қызметін тоқтатуы мүмкін. Көбіне науқас қалтырау және тыныс алудың қиындағанына шағымданады.

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі?

Дәрігерлердің айтуынша, осыған дейін бірнеше адам аурудың бұл түріне шалдығып, бір адам көз жұмған. Сонымен қатар, науқастармен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлері де бақылауға алынған. 

Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети