22 қаңтар 2020 09:01

Қытайдағы коронавирустың жаңа түрі АҚШ-қа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қытайдағы коронавирус АҚШ-қа жетті, - деп хабарлайды РИА Новости Washington Post басылымына сілтеме жасап.


Қытайдағы коронавирус АҚШ-қа жетті, - деп хабарлайды РИА Новости Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Вашингтон штатының тұрғыны коронавирустың жаңа түрін жұқтырған.

Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Washington Post мәліметіне сүйенсек, ол Қытайға барып келген. Алайда ол кезде денсаулық сақтау қызметіндегілер АҚШ-тың ірі әуежайларында тексеріс жұмыстарын бастамаған еді.

"Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді

Өткен жұмада АҚШ билігі әуежайда Қытайдан келген жолаушыларды тексеретінін хабарлаған еді.

Мұның алдында вирустың Жапонияға жеткені айтылған болатын. Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты деп хабарланған еді.

Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети