Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытай тарихында алғаш рет антитеррорлық заң қабылдады

27 Желтоқсан 2015, 16:08
1
© РИА Новости
© РИА Новости

ҚХР-дың заң шығарушы органы ел тарихында алғаш рет антитеррорлық заң қабылдады, - деп хабарлайды РИА новости Қытайдың ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, заң елдің ішінде террорлық әрекеттерге қарсы тұруға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, Қытай тарихында бұған дейін антитеррорлық заң қабылданбаған болатын. Заң жобасының бірінші оқылымы былтыр қазан айында, екіншісі биыл ақпанда өтті. Заң жобасы үшінші оқылым кезінде, дүйсенбі күні Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы аясында қаралды.

Бұған дейін заң жобасының үкімет органдары, әскерилер, полицейлер арасында ақпарат алмасудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, көлікте, мемлекеттік шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғаны хабарланған еді. Яғни, заң ақпарат жинау үшін антитеррорлық шолу орталығын құруға арналады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай