Қытайдың реформа және даму істері жөніндегі комитеті министрлер мен губернаторлардың кабинетінің көлемі 54 шаршы метрден аспау керек деген қаулы шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости ресурсы China Daily газетіне сілтеме жасап.

"Орынбасарлардың кабинеті 12 шаршы метрге кіші болуы керек. Минстрліктер мен әкімшілік елді мекендердің департамент басшылары көлемі 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте, ал олардың орынбасарлары 24 шаршы метрден аспайтын кабинетте жұмыс істеуі керек", - делінген ведомство құжатында.
Уезд жетекшілері көлемі 30 шаршы метрден аспайтын кабинетте, ал олардың орынбасарлары 18 шаршы метрге жетпейтін жерде жұмыс істеуі керек.
Десе де, басшылардың кабинетте бөлек дәретханасы мен демалу бөлмесі бар кабинет алуға құқы бар, бірақ бұл орындар көрсетілген көлем шектеуінен аспауы қажет. Ал орынбасарларға мұндай жеңілдік берілмеген.
Айта кетейік, Қытай шенеуніктерінің салтанатты, кең кабинеттері көп жылдан бері қоғамның наразылықтары мен сынына қалып жүр. Сонымен қатар, кабинеті кең шенеуніктер ірі антикоррупциялық кампаниялардың басты нысанына айналған.