Қытайда 4,4 миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда 4,4 миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды Фото: © Reuters

Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласында 4,4 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қалада коронавирус жағдайының жиілеуіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды South China Morning Post.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласында 4,4 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қалада коронавирус жағдайының жиілеуіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды South China Morning Post.

Жақында осындай атауы бар провинцияда COVID-19 жұқтырған алты жағдай тіркелді. Ал апта бұрын 15 адамнан коронавирус анықталып, оның екеуі симптомсыз болған.

Бұл жағдайдың барлығы Цзилинмен көрші тұрған Шулань қаласында кір жуатын жерде жұмыс істейтін 45 жастағы әйелмен байланысты болып отыр. Ол 7 мамырда COVID-19 анықтауға тест тапсырғанда нәтижесі оң болып шыққан.

Әйелдің қалай жұқтырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Себебі провинцияда 73 күн бойы жергілікті тұрғындардың арасынан жұқтырған жағдайлар тіркелмеген. Әйел қаладан шықпаған және шетелден келгендермен байланыспаған.

Цзилинь билігі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны болуынан қорқып, қатаң шараларды қабылдады. Пойыздар мен қалааралық автобустар тоқтады, мектептер, қоғамдық және ойын-сауық орталықтары жабылдады. Кинотеатрлар, парктер, стадиондар және интернет-кафелер жабылып, жиналуға тыйым салынды.

Қаладан шығу үшін тұрғындар коронавирусқа тест тапсыруы керек.

"Қазіргі аурудың жиілеуі өте ауыр және әрі қарай тарап кетуінен қауіп бар", - деді қаланың вице-мэрі Гай Допнин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети