Қытайда 8 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам өлімі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда 8 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам өлімі тіркелді Фото ©️ Reuters

Қытайда соңғы сегіз айда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам өлімі тіркелді. Тәулігіне елде 138 жағдай тіркелді және 78 адамнан ауру белгілері байқалмаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда соңғы сегіз айда алғаш рет коронавирус жұқтырған адам өлімі тіркелді. Тәулігіне елде 138 жағдай тіркелді және 78 адамнан ауру белгілері байқалмаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай эпидемиологиялық жағдайды айтарлықтай жақсы бақылауға алған ел еді. 2020 жылғы мамырдың ортасынан бері COVID-19 жұқтырып, ауырып қайтыс болған жағдай тіркелмеді. Алайда соңғы уақытта елдің бірқатар аймағында вирусты жұқтыру саны көбейді.

ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің хабарламасына сәйкес, науқастың өлімі Хэбей провинциясында тіркелген. Бұл аймақта қаңтардың басында жаңа жағдайлардың саны күрт артқан еді. Қазір Шицзячжуан қаласында жағдай тым ауыр. Бұл өңір эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақ деп жарияланды.

Жаңадан тіркелген 138 жағдайдың 14-і сырттан келгендерден, 124-і жергілікті тұрғындардан анықталған. 81-і Хэбэй провинциясында, 43 жағдай Хэйлунцзян провинциясында тіркелді.

Эпидемия басынан бері құрлықтық Қытайда 87 744 жағдай тіркелді. 82 324 адам емделіп шықты, 885 науқас ауруханаларда жатыр. Шетелден келген 4465 жағдай анықталып, оның 4181-і жазылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети