15 тамыз 2014 | 20:55

Қытайда АИВ дертіне шалдыққан жолаушыларды ұшаққа отырғызбай қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда АИВ дертіне шалдыққан жолаушыларды ұшаққа отырғызбай қойды, - деп хабарлайды "BBC Русская служба". Дереккөздің хабарлауынша, АИВ жұқпалы дертіне шалдыққан жолаушылар қытайлық Spring Airlines әуекомпаниясының ұшағына отыруға тырысқан. 


Иконка комментария блок соц сети

Қытайда АИВ дертіне шалдыққан жолаушыларды ұшаққа отырғызбай қойды, - деп хабарлайды "BBC Русская служба". Дереккөздің хабарлауынша, АИВ жұқпалы дертіне шалдыққан жолаушылар қытайлық Spring Airlines әуекомпаниясының ұшағына отыруға тырысқан. 

Дегенмен, компания  АИВ жұқпалы дертіне шалдыққан екі жолаушыны ұшаққа отырғызбай қойған. Олар Қытайдың солтүстігіндегі Шэньян қаласынан ұшып кетуге ниеттенген. Бірақ, олардың билеттері жойылған. Бұл оқиғадан кейін жолаушылар әуекомпанияны өздерін кемсіткені үшін сотқа берді. Порталдың хабарлауынша, зардап шеккен екі жолаушы әуекомпанияның кешірім сұрауын және сегіз мың доллар көлемінде өтемақы төлеуін талап етіп отыр. 

Шэньян соты бұл шағымды қарастырып жатыр. Қытай басшыларының айтуына қарағанда, олар көпжылдар бойы АИВ және ЖИТБ дерттеріне шалдыққан адамдарды қоғамда кемсітуді тоқтатуға тырысып жатыр екен. 

Бұған дейін, Қазақстанда да АИВ дертіне шалдыққан адамдар кемсітушілік көріп жатқаны хабарланған. АИВ дертіне шалдыққан қазақстандықтар арасында сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көп бөлігін жұмыстарынан шығарып жіберген. Шамамен әрбір үшінші ауыру адам жұмыс берушелері оның ауыру екенін білгеннен соң, жұмысынан қуылған.  АИВ дертіне шалдыққан адамдарды кемсіту жағынан 52 пайыз көрсеткішімен Қостанай бірінші орында. Алматы қаласында 48 пайыз адам қоғам тарапынан қандай да бір кемсітушілік көрсе, Павлодарда 26 пайыз. Ал сауалнамаға қатысқан  36 пайыз АИВ дертіне шалдыққан адамдар ешқашан кемсітушілік көрмегенін айтады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети