17 наурыз 2016 15:59

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты апелляция кейінге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© VK/Ақжарқын Тұрлыбай © VK/Ақжарқын Тұрлыбай

Қытайда есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты апелляция кейінге қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовтың хабарлауынша, апелляциялық сот процесі сәуірге ауыстырылды.

Бұл ақпаратты Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов те растады. Оның мәліметінше, сот процесі сәуір айының бірінші жартысында өтеді. "Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс процесі 7-сәуірге ауыстырылды, ол бүгін, 2016 жылы 17 наурызда ҚХР, Гуанчжоу қаласында өтуі тиіс болған және оған мүдделі тұлғалардың барлығы ақпараттандырылды", - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды.

2015 жылы маусым айының ортасында Гуанчжоу соты қызды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұған дейін қазақстандық елшілердің Ақжарқын Тұрлыбайды отанына экстрадициялау үшін бар мүмкіндікті пайдаланатыны айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети