Қытайда алғаш рет COVID-19 жұқтыру дерегі анықталмады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қытайда 2021 жылдың шілдесінен бері алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайлары анықталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда 2021 жылдың шілдесінен бері алғаш рет коронавирустың жаңа жағдайлары анықталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы мәліметі бойынша, Қытайдың құрлық аймағына келген саяхатшылар арасында расталған 21 жаңа жағдай анықталды. Алайда шілдеден бері елде коронавирус инфекциясының расталған жаңа жағдайлары тіркелмеген.

Ведомство мәліметінше, коронавирустың 16 симптомсыз жағдайы анықталған. Срапшылар бұл деректерді инфекция жұқтырудың расталған жағдайына жатқызған жоқ. Олардың бәрі дәрігерлер бақылауында екені айтылды.

Реклама
Реклама

©REUTERS

Соңғы рет Қытайда коронавирустың өршуі Нанкиндегі әуежай қызметкерлері арасында вирустың таралуы болды. Билік Нанкиннің 9,2 миллион тұрғынын үш рет тексеріп, жүздеген мың адамға оқшаулау режимін енгізді.

Айта кетейік, Қытай бұқаралық ақпарат құралдары Нанкиндегі жағдай Ухан қаласындағы пандемиядан кейінгі ең күшті COVID-19 эпидемиясы екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама