03 тамыз 2021 17:52

Уханның барлық тұрғыны коронавирусқа сынама тапсырады - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қытайдағы Ухан қаласының барлық тұрғыны ПТР-сынама тапсырады. Бұл шешімді билік өкілдері қалада коронавирус инфекциясының бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін қабылдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Қытайдағы Ухан қаласының барлық тұрғыны ПТР-сынама тапсырады. Бұл шешімді билік өкілдері қалада коронавирус инфекциясының бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін қабылдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Уханда COVID-19 инфекциясының жеті жағдайы 2020 жылдан бері алғаш рет анықталды. 12 миллион халқы бар қалада 2019 жылы алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі анықталған. 

"Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық адамнан COVID-19 бойынша жалпы қалалық сынама алу басталады. Біз оны тезірек аяқтауды жоспарлап отырмыз және мүмкіндігінше тезірек әрекет етеміз, - деді Хубэй провинциясының орталық қызметкері Ли Цян.

Қазіргі уақытта Қытайда ең ауқымды індет байқалады: 10 күнде 300 жағдай анықталған. Бүкіл ел бойынша шамамен 15 провинция зардап шекті, бұл үкіметті жаппай сынама алу шараларын қабылдауға және шектеулер енгізуге мәжбүр еткен.

Билік вирустың таралуы тіркелген қала аймағына локдаун енгізді. Кейбір метро станциялары жабылып, жолаушылар қайтадан бетперде тағуды бастаған.

Жергілікті медицина қызметкерлері вирустың таралуын Үндістанның өте жұқпалы "дельта" штамымен және ішкі туризм маусымымен байланыстырады.

Агенттік Қытай өз шекараларында вирусты айтарлықтай сәтті басқара алғанын атап өтті. Алайда Нанкиндегі әуежай қызметкерлері арасында вирустың таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Билік Нанкиннің 9,2 миллион тұрғынын үш рет тексеріп, жүздеген мың адамға оқшаулау режимін енгізді.

Бұған дейін қытайлық БАҚ бұл Ухандағы пандемия басталғаннан кейінгі COVID-19-дың ең ауқымды өршуі екенін жазған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети