© China Xinhua News
Қытайдағы Хунан провинциясында жол-көлік оқиғасына ұшыраған туристік автобустан өрт шығып, кем дегенде 30 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Синхуа.
Қытайдағы Хунан провинциясында жол-көлік оқиғасына ұшыраған туристік автобустан өрт шығып, кем дегенде 30 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Синхуа.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 10.20-да болған. Көлікте 56 адам болған. Автобус Ичжан уезіндегі автожолдың қоршауына соғысқан. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт көлік майының ағып кетуінен шыққан.
Сонымен қатар, 21 адамның емханаға жеткізілгені хабарланып отыр. Құтқарушылар автобустың қалдықтарын зерттеп жатыр. Ал жүргізушіні полиция ұстаған.