Қытайда халықаралық мектепке қарасты балабақша микроавтобусы өртеніп, оңтүстіккореялық 10 бала, қытайлық бір бала және екі ересек адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға қытайдың Шаньдун провинциясындағы Вэйхай қаласындағы тоннельде болған. Оңтүстіккореялық балалармен қатар қытайлық бір бала, сондай-ақ, балабақша қызметкері мен жүргізуші қаза болған. Бұл ақпарат Корея Республикасының ҚХР-дағы елшілігіне сілтеме жасап түскен.
China News Service генттігінің мәліметінше, оқиға шамамен таңғы сағат 9.00-де (жергілікті уақыт бойынша) болған, жол-көлік оқиғасынан кейін екі көлік өртеніп, жалпы 12 адам қаза тапқан және бір адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта жол апатының себебі анықталып жатыр, тергеу жүргізілу үстінде.