ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2020 | 09:19
Қытайда бір тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған
Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 9 692 адамға жетті. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 9 692 адамға жетті. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Осыған дейін 7 711 адамның вирус жұқтырып, 170 адамның қайтыс болғаны хабарланған. Басылымның мәліметінше, соңғы тәуліктің өзінде 1 982 адам вирус жұқтырған.
"30 қаңтардағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау мәселелері бойынша комитетке 31 провинциядан 9 682 адамның вирус жұқтырып, олардың 1527-сі ауыр жағдайда екені, сондай-ақ, 213 адамның қайтыс болып, 171 адамның ауруханадан шығарылғаны хабарланған", - дейді комитеттегілер.
Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.
Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын атады
Показать комментарии
Читайте также