27 қаңтар 2020 08:35

Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын атады. Қатерлі аурудан 80 адам қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

27 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80-ге жетті, - деп хабарлайды Reuters Қытайдың денсаулық сақтау мемлекеттік комитет өкілдеріне сілтеме жасап.


27 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80-ге жетті, - деп хабарлайды Reuters Қытайдың денсаулық сақтау мемлекеттік комитет өкілдеріне сілтеме жасап.

Эпидемияның ошағы орналасқан Хубей провинциясында вирустан қаза тапқандардың саны бір түнде 56-дан 76-ға жеткен. 

Елдің басқа өңірлерінде тағы төрт өлім жағдайы тіркелген. Сонымен қатар бір күнде короновирус жұқтырғандардың үлесі 30 пайызға артқан - ауруы расталған 2744 адам бар. Олардың көбі Қытайда. 

"Ауру жұқтырды деген күдігі барлардың саны 5 794", - делінген ведомство хабарламасында.

Ал бір тәулік бұрын 1975 адамның ауру жұқтырып, 54 адамның қаза тапқаны хабарланған.

Қатерлі вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген. "Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер короновирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.

Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнар көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети