Қытайда бірнеше рет қуатты жер сілкінісі болды - Бір адам қаза тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда бірнеше рет қуатты жер сілкінісі болды - Бір адам қаза тапты Сурет: twitter.com/Echinanews

Қытайда күші 5,4 баллдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Хабар 24.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда күші 5,4 баллдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың ошағы Сычуань провинциясындағы Нейцзянь қаласынан 1 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте тіркелді. 

Зілзал салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ, 29 адам жараланған.

Кейін Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында магнитудасы 4,3 тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала ошағы Вэйюань уезінің Нэйцзян қаласынан 20 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 10:36-да тіркелген. Ол 7 шақырым тереңдікте басталған. Ол 16 миллион тұрғыны бар Чэнду қаласынан 140 шақырым, 31 миллион тұрғыны бар Чунцин қаласынан 200 шақырым жерде болды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Вэйюань уезінде бұған дейін бір қуатты жер сілкінісі болған. Алғашқы жер дүмпуінің магнитудасы 5,4 болды, ол таңғы сағат 06:42-де тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети