Қытайда ерлі-зайыпты ұшып кетуі тиіс ұшақ басқышының алдында төбелес шығарған. Нәтижесінде рейс жарты сағатқа кешіктірілген. Ал ерлі-зайыпты қамауға алынған, - деп жазады Вести.Ru.
Қытайда ерлі-зайыпты ұшып кетуі тиіс ұшақ басқышының алдында төбелес шығарған. Нәтижесінде рейс жарты сағатқа кешіктірілген. Ал ерлі-зайыпты қамауға алынған, - деп жазады Вести.Ru.
Ерлі-зайыпты арасындағы төбелес Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Куньмин қаласындағы Чаншуй әуежайында болған. Олардың арасындағы жанжал ұшақ басқышына дейін жеткізіп салған автобустан кейін басталған.
Басылымның мәліметінше, басқа жолаушылар басқышпен көтеріліп жатқанда ерлі-зайыпты төбелесе бастаған. Содан күйеуі әйелін жерге құлатып тастап, әйелі болса оның жейдесін жыртқан. Видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алған.
Содан төбелес аяқталған соң ерлі-зайыпты ұшаққа мінбекші болады, бірақ капитан оларды қауіпсіздік үшін бортқа кіргізуден бас тартып, полиция шақырған.
Осылайша, ұшақ жарты сағатқа кешіктірілген. Ал төбелес шығарған ерлі-зайыпты Куньмин әуежайында қалған. Кейінірек олардың босатылғаны белгілі болды.