16 мамыр 2017 09:35

Қытайда ит тірідей жерленген сәбиді құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thesun.co.uk © thesun.co.uk

Қытайдың Цзянцзин қаласында ит шұңқырда жатқан сәбиді сезіп, оны көмілген жерінен қайта қазып шығарған, - деп жазады The Sun.


Қытайдың Цзянцзин қаласында ит шұңқырда жатқан сәбиді сезіп, оны көмілген жерінен қайта қазып шығарған, - деп жазады The Sun.

Иттің иесі басылымға берген сұхбатында оның бар күшімен жерді қазып жатқаны алаңдатқанын айтты. Шұңқырды қайта қазып жатқан сәтте олар ақ матаға оралған және жылап жатқан сәбиді тапқан.

Сондай-ақ, шұңқырда жатқан сәбидің туғанына бір-ақ ай болғаны айтылады. Сәбидің температурасы түсіп, жүрегі соғысы баяулап, бірден ауруханаға жеткізілді. Басылымның мәліметінше, сәби қазір дәрігерлердің бақылауында, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта полиция сәбидің туыстарын іздестіріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сәбиді қателіктен тірідей көміп тастаған. Себебі сәбидің ата-анасы оны өлі деп ойлаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети