Қытайда жаңа коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда жаңа коронавирус анықталды Фото:depositphotos.com

Қытайлық вирусологтар жарқанаттардан адамға COVID-19 сияқты жұғатын жаңа коронавирусты анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық вирусологтар жарқанаттардан адамға COVID-19 сияқты жұғатын жаңа коронавирусты анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post газетіне сілтеме жасап.

Зерттеушілердің пікірінше, вирус коронавирустардың жаңа желісіне жатады және HKU5-CoV-2 деген атау алған. Ол Гонконгта жапон жарғанатынан табылған.

Зерттеу Гуанчжоу зертханасында Қытай Ғылым академиясының, Ухань университетінің және Ухань вирусология институтының ғалымдарымен бірге жүргізілген. Жұмысты атақты вирусолог Ши Чжэнли басқарған, ол коронавирустарды зерттеуіне байланысты ғылыми ортада "жарғанат" деген лақапатқа ие.

Мамандар HKU5-CoV-2 адамның AСЕ2 рецепторымен әрекеттесуі мүмкін екенін анықтапты, бұл оны адамдарға жұқтырады. Дегенмен ғалымдар дүрбелеңге себеп жоқ екенін айтты, вирустың адамдарға тарау қаупі әзірге төмен деп бағаланып отыр. Алайда зерттеушілер оның қаупін бағалау үшін жаңа штамды зерттеуді жалғастыруды ұсынып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанда америкалық конгрессмендер екі жылдық тергеуден кейін COVID-19-дің зертханалық шығу тегі болуы мүмкін екенін және Уханьнан тарады деп мәлімдеді. Баяндамада олар өткен пандемияларға қарағанда вирустың ерекше биологиялық ерекшеліктеріне қатысты дәлелдер келтіреді.

COVID-19 - ауыр респираторлық инфекция, ол алғаш рет 2019 жылы желтоқсанда Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Ауру бүкіл әлемге тез тарап, 2020 жылы 11 наурызда ДДСҰ жариялаған жаһандық пандемияға себеп болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети