Қытайда жоғары лауазымды шенеунік Су Жун пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды BBC News. Қытай Халық Республикасы Халық саяси консультациялық кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде пара алған.

Қытай билігі Су Жунды Қытайдың коммунистік партиясының қатарынан шығарып тастады. Тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның шағымына сәйкес, оның қызметінде "ауыр заңбұзушылықтар" анықталған. Тергеу кезінде белгілі болған мәліметке қарағанда, ол пара ала отырып, мемлекетке үлкен шығын келтірген. Десе де, шағымда нақты сома айтылмайды.
Мұнымен қатар, Цзянсидегі партияның шенеунігі болған Су Жунге бұл өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына әсер етті деген айып келді. Ол - Қытайда жемқорлықпен күрес жөніндегі кампанияның жаңа басшылығы күдік келтіріп отырған екінші адам.
Еске сала кетейік, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин (2012 жылы билікке келген) сыбайлас жемқорлықты Коммунистік партияның ең басты қаупі деп атап, билікте парамен күресуге ірі кампания жариялаған еді. Сол уақыттан бері жеке секторларда қызметтегі ондаған тұлға мен функционер қамауға алынды. Қазіргі уақытта Су Жун қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Чжоу Юнканмен бірге тергеуге түскен ең ірі мемлекеттік қайраткер саналып отыр. Айта кетейік, Чжоу Юнкан өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынған болатын.