17 ақпан 2015 | 13:26

Қытайда жоғары лауазымды шенеунік ірі көлемде пара алды деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Қытайда жоғары лауазымды шенеунік Су Жун пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды BBC News. Қытай Халық Республикасы Халық саяси консультациялық кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде пара алған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда жоғары лауазымды шенеунік Су Жун пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды BBC News. Қытай Халық Республикасы Халық саяси консультациялық кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде пара алған.

Қытай билігі Су Жунды Қытайдың коммунистік партиясының қатарынан шығарып тастады. Тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның шағымына сәйкес, оның қызметінде "ауыр заңбұзушылықтар" анықталған. Тергеу кезінде белгілі болған мәліметке қарағанда, ол пара ала отырып, мемлекетке үлкен шығын келтірген. Десе де, шағымда нақты сома айтылмайды. 

Мұнымен қатар, Цзянсидегі партияның шенеунігі болған Су Жунге бұл өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына әсер етті деген айып келді. Ол - Қытайда жемқорлықпен күрес жөніндегі кампанияның жаңа басшылығы күдік келтіріп отырған екінші адам.

Еске сала кетейік, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин (2012 жылы билікке келген) сыбайлас жемқорлықты Коммунистік партияның ең басты қаупі деп атап, билікте парамен күресуге ірі кампания жариялаған еді. Сол уақыттан бері жеке секторларда қызметтегі ондаған тұлға мен функционер қамауға алынды. Қазіргі уақытта Су Жун қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Чжоу Юнканмен бірге тергеуге түскен ең ірі мемлекеттік қайраткер саналып отыр. Айта кетейік, Чжоу Юнкан өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer