Қытай билігі 2017 жыл басталысымен жарты жыл ішінде әр түрлі деңгейдегі 210 мың шенеунікті құқық және тәртіптік ережені бұзғаны үшін жазалады. Бұл жайлы ҚХР КПК орталық комиссиясы тексеру жүргізгеннен кейін белгілі болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

"2017 жылдың бірінші жартыжылдығында антикоррупциялық әр түрлі деңгейдегі инстанциялары 1,31 миллион арыз қабылдады, тәртіптік ережені 260 мың адам бұзған. Тәртіптік ережені бұзған 210 мың адам жазаланды, 176 мың адам партиядан қуылды", - делінген жарияланған құжатта.
Сонымен қатар, құқық бұзғандар қатарында 38 лауазымды шенеуніктің бары айтылған, оның ішінде провинциалдық әкімшілік пен әр түрлі министрлік бар. Мемлекеттік қызметтегі басқарма басшылары мыңнан асады.
"Партиялық тәртіпті және заңнамалық құқықты бұзу" - бұл антикоррупциялық істердің баламасы.
2012 жылы ҚХР басшысы Си Цзиньпин таққа отырғалы елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең масштабты күрес басталды. Қытай жаһанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі ашуды көздейді, осы мақсатта олар қазіргі уақытта шет елдерде қашып жүрген шенеуніктерді экстрадициялауды көздеп отыр.