Қытайдың ірі қалаларында карантинге қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Қытайдың ірі қалаларында карантинге қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Қытайдың ірі қалаларында ел билігі SARS-CoV-2 коронавирусымен күресуге байланысты қойылған қатаң карантин шараларына қарсы жаппай наразылықтар жалғасты.
This is from China.
— Anshul Saxena (@AskAnshul) November 27, 2022
Massive protests against Xi Jinping & Communist Party of China (CCP) over its Zero-COVID Policy. pic.twitter.com/p2t7diDpsJ
Бейжіңде демонстранттар дипломатиялық квартал маңындағы көшелерге наразылық белгісі ретінде "Си Цзиньпин, отставкаға кет, коммунистік партия, отставкаға кет" деп ұрандатып, "Шыңжаңды ашыңдар, Қытайды ашыңдар" және "біз ПТР сынақтарын тапсырмаймыз, біз еркіндікті қалаймыз" деген жазуды плакатқа жазып шыққан. Полиция наразылыққа шыққандарды ұстады, ұсталғандардың нақты саны белгісіз.
In a rare surge of protests in China, demonstrators called for the ruling Communist Party and its leader, Xi Jinping, to step down, amid anger at the deaths of at least 10 people in an apartment fire in Xinjiang, presumably during a strict Covid lockdown. https://t.co/7eT7YT4nHw pic.twitter.com/WT54Q0yC1M
— The New York Times (@nytimes) November 27, 2022
Наразылық шерулері Қытайдың басқа қалаларында да өтті: Шанхай, Чэнду, Чунцин, Ухань және Нанкин. Жоғары оқу орындарында да наразылық күшейіп жатыр, әлеуметтік желілерде наразылық акциялары бейнеленген видеолар толып кетті.
Қытай билігі коронавирусқа нөлдік төзімділік деп аталатын саясатты ұстанып отыр. Қалалар, бүкіл аудандар жабылды, жұқтырғандармен байланыста болған адамдар мәжбүрлі түрде карантинге алынды, жұқтырғандар ауруханаларда оқшауланды, елдің шекаралары жабық.
Наразылықтар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімші қаласындағы тұрғын үйдегі өрттен кейін басталды. 24 қарашада кешкі уақытта болған өрт салдарынан кемінде он адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алған.
Куәгерлердің айтуынша, адамдар өрттен қашып құтыла алмаған, өйткені блокадаға байланысты пәтерлердің есіктері жабылып, шектеу шаралары құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірген. Алайда Қытай билігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!