Қазақстан шекарасына жақын маңда Қытай аумағында жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Қазақстан шекарасына жақын маңда Қытай аумағында жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 7 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 10.30-да тіркелді, магнитудасы - 4,5. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,4, тереңдігі - 15 шақырым.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 5 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.12-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 391 шақырым қашықтықта, Балқаш көлінің шығыс бөлігінде болды.