Қытайда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана жабылды ©REUTERS

Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытша аурухана жабылды, - деп хабарлайды Reuters

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытша аурухана жабылды, - деп хабарлайды Reuters

Басылымның мәліметінше, вирус жұқтырғандар ауруханадан шыққан соң басшылық мекеменің қызметін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл уақытша ашылған 16 аурухананың бірі екен. Мұнда 13 мың адам жеткізілген.

Аурухана басшылығы айдың соңына қарай басқа да ауруханаларды жабу жоспарланып отырғанын айтты.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді.

Ал бүгін коронавирус тағы бес елде анықталғаны белгілі болды. ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің мәліметінше, коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны - 2912, 44 462 адам вирустан айығып, ауруханадан шығарылған. Соңғы деректер бойынша тағы бес елде коронавирус анықталып отыр - Әзербайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети