24 қаңтар 2020 09:49

Қытайда коронавирус қаупіне байланысты тағы бір қала уақытша жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай билігі Сяньнин қаласын уақытша жауып тастады, онда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық көліктер тоқтатылды, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытай билігі Сяньнин қаласын уақытша жауып тастады, онда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық көліктер тоқтатылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұған дейін қоғамдық көліктердің жұмысы Чиби, Эчжоу, Хуанган және Ухань қалаларында тоқтатылған. Бүгіннен бастап Сяньнин де коронавирус салдарынан уақытша жабылады. 

Еске салайық, желтоқсанның аяғында Қытайда пайда болған коронавирустың жаңа түрі АҚШ, Оңтүстік Корея, Таиланд, Вьетнам, Сауд Арабиясы мен Жапонияға да жеткен болатын. Бүгінде Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 17 адамға жеткен. 

Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети