19 ақпан 2020 | 08:57

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2 мыңнан асты

© REUTERS

Қытайда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 вирусын жұқтырғандардың саны 74,1-ге жетті. Оның 2004-і қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 вирусын жұқтырғандардың саны 74,1-ге жетті. Оның 2004-і қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитет 31 провинциядан 74 мың 185 адамның вирусты жұқтырғаны туралы хабар алды. Оның ішінде 57 мың 805 науқастың 11 мың 977-сі ауыр жағдайда жатыр. Тағы 14 мың 376 адам ауруғанадан шығарылып, 2004-і қайтыс болды", - делінген комитет хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Алдынғы тәулікте елде 1749 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 136 адам қайтыс болғаны белгілі болған. 1824 науқас ауруханадан шығарылған. 

Коронавирус тарап жатқан елдерден келген қазақстандықтар үш категорияға бөлінеді

Бүгінде тағы 5248 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен және аурулармен байланыста болған 135,8 мың адам ауруханада тексерістен өтіп жатыр. 

Гонконгтің өзінде 62 адам, Макаода 10 адам, Тайванда 22 адам ауруды жұқтырған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная