18 ақпан 2020 17:29

Коронавирус тарап жатқан елдерден келген қазақстандықтар үш категорияға бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирусты алдын алу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстанда коронавирусты алдын алу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетіне сілтеме жасап.

Бас санитарлық дәрігер 2020 жылдың 17 ақпанында коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарды үш деңгейге бөлу туралы шешім шығарды.

I категория: Қытай Халық Республикасынан келгендер. Келгендердің барлығы 14 күнге стационарға орналастырылады. Кейін 10 күн ішінде олар мекенжайы бойынша дәрігердің бақылауында болады. Дәрігерлер олардың жағдайын телефон арқылы тексеріп отырады.

II категория:  10 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген елдерден келгендер. Бүгінде ол елердің тізімінде - Гонконг, Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайвань, Вьетнам, Аустралия, Германия, АҚШ, Франция және Макао.

Келгендердің барлығы 14 күнге стационарға орналастырылады. Кейін 10 күн ішінде олар мекенжайы бойынша дәрігердің бақылауында болады. Дәрігерлер олардың жағдайын телефон арқылы тексеріп отырады. 

III категория:  Көп болса 10 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген елдерден келгендер. Бүгінде ол елердің тізімінде - Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Индия, Филиппин, Италия, Испания, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия және Мысыр. Бұл тізім өзгеруі мүмкін.

Осы елдерден келген қазақстандықтар мекенжайы бойынша 24 күн уақыт бойы дәрігердің бақылауында болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети