Қытайда коронавирустың жаңа екі ошағы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда коронавирустың жаңа екі ошағы анықталды © Reuters

Қытай коронавирустың екі ошағымен күресіп жатыр, - деп хабарлайды Xinhua.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай коронавирустың екі ошағымен күресіп жатыр, - деп хабарлайды Xinhua.

ҚХР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дүйсенбі, 27 шілдеде Қытайдың құрлықтық бөлігінде 68 жаңа жағдай тіркелген. Оның төртеуі шетелден келгендерден, 64-і жергілікті адамдардан анықталан. 

Жаңа жағдайлардың 57-сі Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында, 6 жағдай - елдің солтүстік батысындағы Ляонин провинциясында, тағы бір жағдай - Бейжіңде тіркелген.  

Вирустың тарауын тоқтату үшін Синцзян мен Ляонин миллиондаған тұрғынды коронавирусты анықтайтын тесттен өткізе бастаған, алайда коронавирус бес өңірге тарап үлгерген. 

Жалпы Қытайда коронавирус пандемиясы басталғалы 83 959 жағдай тіркелген. Оның ішінде, 4634 адам қайтыс болса, жалпы 78 934 адам аурудан айыққан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети