Бейжің билігі Фэнтай ауданындағы "Синьфади" базарында COVID-19 жаппай тарауына байланысты коронавирустың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейжің билігі Фэнтай ауданындағы "Синьфади" базарында COVID-19 жаппай тарауына байланысты коронавирустың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Синьфади" базарында вирустың жаппай тарауына байланысты Бейжіңде қайтадан эпидемия болу қаупі өте жоғары", - деді Бейжің үкіметінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сюй Хэцзян.
Ол биліктегілердің сол базарда және базардың маңындағы аумақтарда эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Сондай-ақ, инфекцияның қайдан тарағаны анықталатыны айтылады.
Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары орындар аталды
Бұдан бөлек, кеше, жексенбіде 76 499 адамның коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды. 59 адамнан коронавирус анықталған.
Ең қызығы, 11 маусымға дейін Бейжіңде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген еді.
Қазіргі уақытта "Синьфади" базары жабылды. Онда эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейІК, 15 маусым таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 7,8 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүние жүзінде 7 887 221 адамнан COVID-19 табылған. Инфекциядан 432 632 адам қайтыс болса, 3 769 179 адам аурудан жазылған.
Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 14 809-ға жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!