31 желтоқсан 2019 | 09:15

Қытайда күйеу жігіт опасыз қалыңдығын ерекше тәсілмен жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Фуцзянь провинциясында күйеу жігіт үйлену тойында опасыз қалыңдығынан кек алды. Осы оқиғаның видеосы Қытайда қарқынды тарап жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қытайдың Фуцзянь провинциясында күйеу жігіт үйлену тойында опасыз қалыңдығынан кек алды. Осы оқиғаның видеосы Қытайда қарқынды тарап жатыр, - деп хабарлайды Daily Mail жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Үйленбей тұрып жігіт пен қыз екі жыл жүрген, кейін жарты жылдан соң үйленетін болып сөз байласқан. Алайда ер адам болашақ қалыңдығынан күмәнданатын болған. Ол қыздың үйінде жасырын камера орнатқан. Видеоны көрген ер адам өз қалыңдығының әпкесінің күйеуімен қарым-қатынаста екенін байқаған. 

Салтанатты шара кезінде алданған ер адам осы видеоны қойып қалған. Ешкім мұндайды күтпеген. "Сен мені ештеңе білмейді деп ойладың ба?", - деп сұрады жігіт қыздан. 

Видеода қалыңдық күйеу жігітке қарай гүл шоғын лақтырған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, олар төбелесе кеткен. Осы оқиғадан соң қалыңдық әпкесінің күйеуімен жүретінін мойындаған. 

Осы видеоны тамашалаған Желі қолданушылары екіге бөлінді. Кейбіреулері осы оқиғаға сенді, ал біреулері оның жасанды оқиға екенін айтқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети