Қытайда ойыншының Тибет туралы мәлімдемесінен кейін "Бостон Селтикс" матчтеріне тыйым салынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда ойыншының Тибет туралы мәлімдемесінен кейін "Бостон Селтикс" матчтеріне тыйым салынды Фото ©REUTERS

Tencent хабар тарату компаниясы, АҚШ Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) қытайлық серіктесі, команда ойыншыларының бірі Қытай үкіметін Тибеттегі "мәдени геноцид" деп айыптағаннан кейін "Бостон Селтикстің" барлық матчтарын көрсетуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tencent хабар тарату компаниясы, АҚШ Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) қытайлық серіктесі, команда ойыншыларының бірі Қытай үкіметін Тибеттегі "мәдени геноцид" деп айыптағаннан кейін "Бостон Селтикстің" барлық матчтарын көрсетуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Баскетболшы Энес Кантер әлеуметтік желіде Қытайдың саясатын сынға алғаннан кейін "Бостон Селтикстің" барлық ойындары елде көрсетілмейтін болып, мұрағаттан өшірілген. 

"Мен Тибетте не болып жатқанына өз ойымды айту үшін келдім. Қытай үкіметінің қатал билігі кесірінен тибет халқының негізгі құқықтары мен бостандықтары жоқ. Қытай диктатурасы Тибеттің өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құртып жатыр", - деп Кантер Twitter-дегі видеосында айтты. Видеода сонымен қатар Қытай төрағасы Си Цзиньпинді "қанды диктатор" деп сипаттайтын мәтін бар.

Кантер видеода Қытай үкіметі қауіпті тибет сепаратисті деп санайтын Далай Ламаның суреті бар футболка киген.

Видео жарияланғаннан кейін ҚХР-да "Бостон Селтикстің" барлық матчтары "Қытай интернетінен" жойылды. Бұдан басқа, елде "Бостон Селтикстің" қатысуымен өтетін матчтарды трансляциялау тоқтатылады, бұл клубтың табысына әсер етеді.

Еске салайық, Қытай үкіметі Қытайдың интернет индустриясын бақылауды күшейтіп жатыр. Мысалы, елде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған онлайн ойындар аптасына үш сағатқа дейін шектеліп, мектеп күндерінде ойнауға тыйым салынды. Ойын жасаушылар жаңа ойындарды шығарар алдында үкіметтің мақұлдауына ұсынуы керек. Шенеуніктер оларды ұлтшылдық мотивтерді қосуға шақырды.

Сондай-ақ, Қытай мектептері мен университеттерінде "Си Цзиньпиннің ойлары" пәні оқытыла бастайды. Курста коммунистік мұраттарға баса назар аударатын он төрт негізгі қағида бар. Кейінірек Қытай үкіметі ер адамдарға теледидарда көрінуге тыйым салды және теледидар компанияларынан "революциялық мәдениетті" насихаттауды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети