21 қаңтар 2020 | 09:18

Қытайда шұғыл жиын өтті. 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorod48.ru © gorod48.ru

Қытайда 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қытайда 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.

20 қаңтардағы жағдай бойынша, Уханьда 218 адам, Бейжіңде 5 адам, Шанхайда бір адам, Гуандун провинциясында 14 адам осы вирусты жұқтырған. 

Басылымның мәліметінше, вирус Қытай аумағынан тыс жерлерде тарап жатыр. Мысалы, Оңтүстік Корея, Жапония мен Тайланд елдерінде.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, коронавирус адамнан адамға жұғатын вирус.

"Гуандун провинциясында екі жағдай тіркелді. Вирус жұқтырғандардың өзі Уханьға бармаған, тек отбасы мүшелері барып қайтқан. Салдарынан олар вирус жұқтырып келіп, отбасының өзге мүшелері ауырып қалған. Сондықтан дәл қазір бұл вирустың жұқпалы екенін айтуға болады", - деді денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Чжун Наньшань.

"Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді

Еске салайық, кейбір дереккөзздер бастапқыда мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети