Қытайда су тасқынынан 12 адам қаза тапты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда су тасқынынан 12 адам қаза тапты - БАҚ Фото: REUTERS

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуан провинциясында нөсер жаңбыр салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, Мяньнин уезінде болған су тасқыны салдарынан 10 адам қаза тауып, жеті адам хабар-ошарсыз кеткен.

Бұдан бөлек, Гаоян ауданында су тасқынынан бүлінген екі автокөліктің өзенге құлап, екі адамның қаза тапқаны айтылады, тағы үшеуі із-түссіз жоғалып кеткен.

7 700-ден аса жергілікті тұрғынның қауіпсіз жерге көшірілгені айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети