Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы логистикалық компанияның қоймасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 85 адамға жетті, - деп хабарлайды China Daily жергілікті билікке сілтеме жасап.
Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы логистикалық компанияның қоймасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 85 адамға жетті, - деп хабарлайды China Daily жергілікті билікке сілтеме жасап.
Соңғы мәлімет бойынша, үйінділер арасынан тағы 44 адам құтқарылған. Бұған дейін 55 адамның қаза тапқаны, 701 адамның жарақаттанғаны хабарланған еді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Тяньцзиньдегі жарылыстан 170 мың үй, 1700 компания, 675 дүкен зардап шегіп, 10 мыңнан аса автомобиль өртеніп кетті. Сонымен қатар, қоймадағы өртенген химикаттардың нақты мөлшері белгісіз.
Еске сала кетейік, 12 тамызда Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қауіпті заттар сақталатын қоймасында жарылыс болғаны хабарланған еді. Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады.